Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жолда аударылған көліктен бес адам құтқарылды

Қызылордада жолда аударылған көліктен бес адам құтқарылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Арал ауданы құтқару бөлімшесінің мамандары кезекшілік қызметінде жол-көлік оқиғасына ұшыраған бір отбасындағы бес адамды құтқарып қалды.
Оқиға 28 сәуір күні таңғы 07 сағат 15 минут шамасында орын алған.
Арал ауданының құтқару бөлімшесінің басшысы Елдос Жиеналиев пен құтқару бөлімшесінің медбикесі Әсия Базарбаева Аралқұм елді мекенінен Арал ауданына кезекті қызметтік кезекшілікке барар жолда аударылған Hyundai Santa Fe маркалы автокөлігін көріп дереу көмекке ұмтылады.
Белгілі болғандай көлік ауа райының қолайсыздығынан трассадан шығып 3 мәрте аударылған.
Көлік ішінде болған азаматтар Ақтөбе облысының тумалары. Олар Шымкент қаласынан ем алып, такси кері қайту үшін такси жалдаған. Қайтар жолда көлік апатқа ұшыраған.
Аралдық құтқарушылар аталған таксиді жалдаған ерлі-зайыптыларды және 3 бірдей баласын қауіпсіз жерге шығарып, оқиға орнында дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
Артынан аудандық ауруханаға жеткізген.
«Қазіргі таңда «Hyundai Santa Fe» маркалы автокөлік ішінде болған әйел азаматша түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алғандықтан аудандық ауруханада ота жасалды. Сонымен қатар көлік ішінде болған балалардың бірінің қолына қатты зақым келіп Ақтөбе облысының орталығына жеткізу қажеттелігі туындады. Сондықтан әкелері 3 баласын алып қайта жолға шыққан. Қазіргі таңда дәрігерлердің қадағалауындағы олардың өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ», – деп хабарлады Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.
29 сәуір 2020 ж. 527 0