42500 теңгені алу үшін, бірнеше табысын жасырған кәсіпкерлердің ісі әшкере болды. Себебі, министрліктің бірыңғай жиынтық төлемді төлеңдер деп айтқанымен, оны орындағандар аз. Елімізде 300 мың адам БЖТ-ны ай сайын төлеп келген. Сонымен қатар, бейресми жұмыс істейтіндердің саны төтенше жағдай кезінде артқаны айдан анық. Мемлекеттік кірістер комитеті бейресми азаматтар енді төтенше жағдай аяқталғаннан кейін төлемді жалғастыруы тиіс деді, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.