Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТУДЕ

ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТУДЕ

Аудан орталығындағы «Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу» бөлімінің ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.
Осы жұмыстардың жүйелі жүруін қадағалау мақсатында бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жаңғырту жұмыстарының жай-күйімен танысып шықты.
Қайта жөндеу жұмыстарын қолға алған мердігер Ислам Жұбанов өздеріне жүктелген міндетке кірісіп кеткендіктерін, жөндеу барысы талапқа сай өтіп жатқанын жеткізді. Жұмыстары алдағы шілде айында тапсыру көзделіп отыр. Атап өту қажет, қайта жаңғырту жұмыстары аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің тапсырысы бойынша аудандық бюджеттің қаржысы есебінен жүргізілуде.
Жөндеу жұмыстары барысында әлеуметтік нысанның шатыры, есіктері мен едені ауыстырылып, ішкі қабырғалары жаңартылып, сырты қайта әрленетін болады. Сонымен бірге, халыққа қолайлы жағдай туғызу мақсатында ғимараттың 1 қабаты кеңейтіліп жасақталатын болады.
Жалпы әлеуметтік құрылыс нысанын аралап көрген аудан басшысы құрылыс барысында олқылықтың болмауын, істің тиянақты атқарылуын тапсырды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
25 мамыр 2020 ж. 621 0