Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Кеше аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті. Жиында аудан басшысы еліміз бойынша орын алған төтенше жағдай барысына тоқталып, әлі тоқмейілсуге ерте екенін, айтып келмейтін аурудың ауданымызда да тіркелгенін қынжыла жеткізді. Мұнан соң төтенше жағдай барысында да жұмыстар толастамайтынын, әр сала бойынша нақтыланған бастамалар кезең-кезеңімен жүзеге асатынын баяндап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бағдар еткен бағыт бойынша серпінді істер жалғасатынын алға тартты.
Аппарат мәжілісінде бірінші болып аудан әкімінің орынбасары Рүстем Өтешов аудандық «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасының орындалу барысы жөнінде баяндады. Хабарламадан аңғарғанымыз, бағдарламада ілгерілеу бар. Дегенмен,әлде де атқарылуы қажет жұмыстар жетерлік. Сондықтан бөлімдер мен округ әкімдері уақытпен санаспай жұмыс жасаулары қажет.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе, 2020 жылы өткен аудан әкімінің халық алдындағы есеп беру кездесуінде түскен ұсыныс-пікірдің орындалуы жөнінде өрбіді. Аталған мәселе бойынша аудан әкімінің сала бойынша жетекшілік жасайтын орынбасарлары ұсыныс-пікірлердің орындалуы төңірегінде атқарылған жұмыстармен бөлісті.
Мұнан соң аудандық қаржы бөлімінің басшысы Мақпалбай Көлдеев болса 4 айдағы аудан бюджетінің игерілуін назарға ұсынып, кейбір пайызы өте төмен салаларға да тоқталды. Аталған бөлім басшысының пайымынша, бюджет қаржысын игеруде оң көрсеткіш қалыптасқанымен, бірқатар бөлім басшылары және округ әкімдері әлде де қарқынды түрде жұмыс жасаулары қажет. Бұдан бөлек, басқосуда аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Махмут Марат жиналғандарға баспасөз қызметіне қатысты бірқатар маңызды ақапараттармен бөлісіп, түсініктеме беріп өтті.
Алда қанша міндет тұр. Осылай деген аудан әкімі әрбір мемлекеттік қызметшінің өз ісіне адал екендігі тапсырмаға тиянақтылығы арқылы байқалатынын пысықтап, жұмысқа салғырт қарауға жол берілмейтіндігін еске салды. Жиын қорытындысында аудан басшысы бекітіліген іс-шара жоспарының орындалуын ұдайы назарда ұстап отыруды жауаптыларға міндеттеп, елдің әл-ауқатын арттыруға негізделген жұмыстардың барлығының сұрауы бар екенін қатаң ескертті.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
26 мамыр 2020 ж. 486 0