Салғырттық сан соқтырмасын

Осындай әбігерге түскен кезде қарынды аштыратын жайлардың бірі –себепсіз басқосулар. Ондай жерде үлкен де, кіші де бір-бірімен араласып, «жұрттың бәрі қыдырып жүр ғой» деген пікірді де қалыптастырады. Тиісті орындардың талабын бәріміз бірдей орындасақ, мұндай жағдайларға жол берілмес еді. Естіп-көріп жатқанымыздай, мыңдаған қазақстандықтар аурудан зардап шегіп, соңы тіпті өлімге дейін апаруда. Отбасымен ауру жұқтырғандар қаншама. Қалыпты кез де келер. Той тойлайтын уақыт та болар. Тап мынадай шақта амандық-саулығымызды алыстан біліп, бір-бірімізге ақыл-кеңесімізді айтып отырғанымыз дұрыс. «Аурудың айтып келмейтіні» әркімнің ойында тұрса деймін.
Мәншүк ЖОРҒАБАЕВА,
зейнеткер,
Арал қаласы
зейнеткер,
Арал қаласы