Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қуануға әлі ерте

Қуануға әлі ерте

Ел ішін жайлаған індеттің қауіпі әлі де сейіле қоймағанын күнделікті әлеуметтік желілер арқылы біліп отырмыз. Сол індет алғашында Қазақстанға келді дегенде үрейленген жұрт енді міне сол індеттің ортасында жүр. Үлкен қалаларды былай қойғанда аудан, ауылдарды шарлап кеткен коронавирус бүгінде аудан бойынша қырықтан астам тұрғынды қармағына іліктіріп үлгерді. Сәйкесінше аудандағы ахуалдың күрделене түсіп, карантин талаптарын қатаң сақтау мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр. Бұл жағдай расында бізді де алаңдата бастады. Осы уақытқа дейін бұл мәселеге анағұрлым мән бермеген жандар енді ойлануы керек сияқты. Себебі, ауру ойнайтын дүние емес.
«Сақтансаң сақтаймын» деген ғой. Бейқамдық пен бұл індетке жүрдім-бардым қараудың соңы көп жағдайда қайғылы жағдаймен аяқталып жатқанын естіп те отырмыз. Сондықтан ауданымыз індет ошағына айналып кетпесін десек, карантин талаптырын қатаң сақтауымыз керек. Қазір той тойлайтын емес, керісінше бірлесе іс қылып, бізге сынақ ретінде келген қауіпті індеттен құтылудың қамын қарастыратын кез. Сонда ғана баяғы қалпымызға қайта ораламыз. Қай істе де қағидалар мен сақтық шараларын сақтасақ, сын сағаттарда да сыр бермесіміз анық.
П.Әбдешова,
көп балалы ана,
02 маусым 2020 ж. 849 0