Береке бірлікте – денсаулық күтімде

Және уақытша жұмыссыз қалған азаматтарға мемлекет тарапынан төлем тағайындап, барынша сабырға шақырды. Барша қазақстандықтың қауіпсіздігін ойлаған Мемлекет басшысына біздің ризашылығымыз мол. Бірақ карантин талаптарын қатаң сақтамағандықтан індеттің көптеп таралуы орын алды.
Кім кінәлі? Әрине, кінә өзімізде. Індетті жеңудің бірден бір жолы тәртіпке бағыну. Сондықтан барынша үйден шықпайық. Алладан жақсы тілек тілеп, өзіміздің, балаларымыздың, жақындарымыздың денсаулығын сақтайық. Мен ардагер дәрігер есебінде аурудан сақтану үшін ауырмайтын жол іздейік дегім келеді. Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады деген. Бәріміз бір болып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып қана аурудың бетін қайтара аламыз.
Сердалы Шалбаев,
Жаңақұрылыс ауылдық ардагерлер
Кеңесінің төрағасы, КСРО денсаулық сақтау
саласының үздігі