Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамандыққа орайластырылған   онкүндік

Мамандыққа орайластырылған   онкүндік


Жуырда  Арал көпсалалы  колледжінде «Электр қондырғыларын пайдалану және жөндеу» мамандығы студенттері арасында «Мамандығым – электрик» атты  онкүндік болып  өтті.
Онкүндікті  өндірістік  оқу  шеберлері, Райкен Ешмұратова  мен  Асылжан Тойбазаровалар  ұйымдастырды. Онкүндік аясында алғаш болып, электротехника  пәнінен «Газ  тәрізді диэлектриктер»  тақырыбында   Гаухар Абишева  ашық  сабақ  өткізді. Келесі  күндері оқу топтары  арасында  «Өзісінің шеберіміз!»  атты практикалық  жұмыстар   жасалынды.  Оны  өндірістік  оқу  шеберлері, Мақсут  Қаюповпен  Руслан  Орынбаевтар жүргізді. Электротехника  пәнінен  «Өз  біліміңді тексер» атты викториналық  сұрақтар қойылып,  қызықты  мәліметтер берілді. Өндірістік  оқу шеберлері,  Асылбек  Аймурзаевпен  Ерболат  Мыңжасаровтың   ұйымдастырыуымен «Электрлік қауіпсіздік  ережелері»  атты тренингті  өтті.  Сондай-ақ «Электр  энергиясын үнемдеп  жұмсаймыз!»  тақырыбындағы үй  тапсырмасы жұмыстарынан  студенттердің   қызықты ойлары  тыңдалды. «Менің  болашақтағы  жұмыс  орным!» атты  саяхат  сабақ «Арал  электр  энергия сынтарату  торабы»  мекемесінде мамандық  алушы  оқу топтарымен  бірге  жасалынды. «Электр  қондырғыларын  пайдалану  және  жөндеу»  пәнінен№94  оқу  тобына,«Үш фазалы асинхронды электродвигательдер»  атты ашық  сабақ  өткізді.
Шараға мамандық бойынша білім алушы шәкірттер толық қатысып, өз білім, біліктерін жетілдірді. Онкүндіктің соңықорытынды  кешінде ұйымдастырылған шараларға белсене қатысқан студенттер мен мұғалімдер алғыс хат және арнайы сыйлықтамен марапатталды.
Арал көпсалалы  колледжінің  өндірістік  оқу  шеберлері,
Р.  Ешмұратова  мен А.Тойбазарова.
12 сәуір 2018 ж. 1 048 0