Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ ШИЖАҒА ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ БОЛДЫ

АУДАН ӘКІМІ ШИЖАҒА ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ БОЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Шижаға елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаторияда болып, ахуалмен танысты. Амбулаторияның аға дәрігерінен тұрғындардың денсаулық жағдайын білген аудан басшысы дәрі-дәрмек қорының да қандай мөлшерде екендігін сұрады. Одан соң дәрі-дәрмектер мен медициналық заттарды сақтау орнын аралап көрді.
Қазіргі таңда ауыл тұрғындарының ішінде 68 адам амбулаторияның үйден қарау стационары арқылы ем қабылдауда. Оның ішінде 21 науқасқа пневмония диагнозы қойылған болса, 3 адам қажетті ем-домын қабылдап, сауығып шыққан. Амбулаторияда қажетті дәрілердің қоры жеткілікті мөлшерде.
Елді мекендегі 2500-ден аса тұрғынның денсаулығын сақтау үшін 1 дәрігер, 1 стационар дәрігері, жалпы 17 медициналық қызметкер жұмыс жасауда.
Айта кетейік, Шижаға елді мекенінде мамыр айында жаңа медициналық амбулаторияның құрылысы басталған болатын.
Аудан әкімі аталған нысанға барып, құрылыс жұмыстарының жүргізілу барысымен таныс болды. Мердігер мекеменің жауапты мамандарына амбулатория ғимаратының тұрғындар үшін аса маңызды нысан екендігін айтып, құрылыстың сапалы жүргізілуі мен уақытылы аяқталуын тапсырды. Қазір ғимараттың қабарғасы қаланы, төбе жабындысы жабылған. Ішкі сылақ жұмыстары жүргізіліп, сырты қапталуда.
Ғимарат құрылысын мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында мердігер «Алемстрой-1» ЖШС жүргізуде.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

22 шілде 2020 ж. 1 057 0