Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында 42500 теңге жәрдемақыны 93273 тұрғын алған

Қызылорда облысында 42500 теңге жәрдемақыны 93273 тұрғын алған

Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен пандемиямен күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен аймақтың экономикалық ахуалы жөнінде брифинг өтті. Аймақ басшысы өңірдегі аталған екі мәселенің жай-күйіне тоқталған соң, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Гүлшара Наушақызына қойылған сұрақтың алғашқысы бір жолғы төлем, яғни, 42 500 теңгеге қатысты болды.
«Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елдегі күшейтілген карантиндік талаптарға сәйкес, халықты әлеуметтік қолдау мақсатында тағайындалған 42500 теңге көлеміндегі бір жолғы төлем туралы әлі де болса түсініспеушіліктер туындауда. Біржолғы төлем кімдерге беріледі?», – деп сауал жолдады облыс әкіміне «Қазақпарат» ХАА тілшісі Әділжан Үмбетов.«Елімізде карантиндік шектеу шараларының енгізілуіне байланысты біржолғы төлем төлеудің ережесі әзірленді. Өңірде 95038 адам 42500 теңге көлемінде қосымша әлеуметтік жәрдемақы алуға жүгінді. Оның ішінде, шілде айында 93273 азаматқа көмек көрсетілді. Бүгінде 37141 азаматқа автоматты түрде SMS жолданып, табысынан айырылғандығын растау жұмыстары жүргізілуде», – деді Г. Әбдіқалықова.
Сондай-ақ, облыс әкімі 42500 теңге көлеміндегі бір жолғы төлем кімдерге берілетінін нақтылап өтті.
Оның айтуынша, аталған жәрдемақы біржолғы төлем табысынан толық айырылған азаматтарға, жалдамалы жұмыскерлер, яғни, ақысыз демалысқа жіберілген жағдайда, жеке кәсіпкерлерге (жеке практикамен айналысатын азаматтар), фрилансерлергеөз бетінше жұмыс істеп жүрген азаматтың жұмысы тоқтап қалған жағдайда беріледі.
29 шілде 2020 ж. 478 0