Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада ауыл кәсіпкерлерін несиелендіру жалғасады

Қызылордада ауыл кәсіпкерлерін несиелендіру жалғасады

Қызылорда аймағында облыс әкімінің ықпалымен ауыл кәсіпкерлерін қолдау бағытында несиелендіру жалғасады.
Микроқаржы ұйымының бірі «Қызылорда Өңірлік инвестициялық орталығы» 2014 жылдан бастап облыста ҚР қолданыстағы заңнамаларына сәйкес биылғы жылдың 31 қазанына дейін шектелген мерзімімен жұмыс жасап келді. Дегенмен облыс әкімінің тікелей атсалысуымен ауыл кәсіпкерлерін демеу шаралары оң шешіліп, 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Яғни облыс кәсіпкерлерінің, оның ішінде ауыл кәсіпкерлерінің бұрынғыдай тиімді шарттарда жобаларын несиелендіріп, іске асыру мүмкіндігі бар.
Бизнеске жәрдем беру үшін Орталыққа 5 жыл ішінде әртүрлі көздерден шамамен 7 млрд.теңгеге жуық қаржы тартылған. Жоба аясында шағын кәсіпкерлердің 1700-ден аса жобасына несие берілді.
Қаржылай қолдау шарасының нәтижесі 2 мыңнан аса жұмыссыз азаматтардың тұрақты жұмыспен қамтылуына септігін тигізді. Несиелендірілген жобалардың жартысынан астамы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына тиесілі.
Бүгінгі күні Орталық өңірдегі бизнесті несиелендіру саясатын жалғастыру үшін әртүрлі көздерден қаржы тарту мүмкіндіктеріне жол ашылмақ.
kyzylorda-news.kz
04 тамыз 2020 ж. 346 0