Аудан әкімі қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны құрылысымен танысты

Қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны Арал қаласының Солтүстік-Батыс жақ бөлігінде қаладан 4 шақырым жерде салынуда. Жер көлемі – 5,0 га.
Бүгінгі күнге дейін жер қазу, тегістеу, нығыздау және автокөлік жүретін жолды биіктету мақсатында топырақ төсеу жұмыстары аяқталған. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау, бетон құюға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жақын күндері полигон аумағы жарықтандырылып, сырты қоршалатын болады.
Құрылыс жұмыстарына дәнекерлеуші, бетон құюшы және жұмысшылардан құралған 2 бригада жұмылдырылуда.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. 
