Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ ОҚУШЫЛАР МЕН ҰСТАЗДАРДЫ БІЛІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ОҚУШЫЛАР МЕН ҰСТАЗДАРДЫ БІЛІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев өңіріміздің оқушылары мен ұстаздарын 1-қыркүйек – Білім күнімен онлайн режимде құттықтады.
-«Еліміз үшін ең негізгі басымдықтың бірі – білім. Тәуелсіз еліміздегі бұл маңызды салаға, ұстаздар мен жастардың әлеуметтік мәселелерін шешуге үнемі ерекше көңіл бөліп келеді. Жалпы, ХХІ ғасыр тың идеялар мен жасампаз жаңалықтардың дәуірі. Оған лайықты болу – қазіргі жаһандану процесіндегі кез-келген мемлекеттің негізгі ұстанымы. Сондықтан да, осынау жаһандану процесі барысында біз білім сапасына ерекше көңіл бөлуіміз керек! Сонда ғана бәсекеге қабілетті ел боламыз.
Әлемдік індеттің таралуына байланысты биылғы оқу жылын қашықтан оқыту форматында бастағалы тұрмыз. Осы орайда әрбіріңізден күтілер жауапкершілік басым. Біріншіден өз денсаулықтарыңызға мұқият қарап, жаңа форматтағы білім алу барысында белсенді болуларыңызды сұраймыз. Себебі, әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы – Сіздерсіздер!», - деп атап өткен аудан басшысы барша шәкірттер мен ұстаздар қауымына сәттілік тіледі.

                                             
     
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.          
01 қыркүйек 2020 ж. 506 0