ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін аудан әкімі М.Оразбаев қаладағы Ғ.Мұратбаев көшесіндегі асфальт төсеу жұмыстарымен танысып, сапасына бақылау жүргізіп өтті. Жол төсеу жұмыстарына куә болған аудан әкімі жол жөндеу жұмыстарына жауапты сала қызметкерлері мен мердігер компания өкілдеріне асфальттау жұмыстарының стандарттарға сәйкес сапалы төселуін қатаң бақылауда ұстау жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар аталған жұмыстар үнемі басты назарында болатындығын ескертті.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.


