Көлік жуу орталығы ашылды

Аты айтып тұрғандай көлік жуу орталығында тек екі оператор ғана қызмет атқаратын болады. Олар тек құрылғылардың жұмы істеуі мен көлік жуу барысындағы реттілікті сақтап тұрады. Тіпті сізден ақысын алып, есептесуге олар араласпайды. Неге десеңіз, сіз көлігіңізді жуғыңыз келсе алдымен құрылғыға 100 теңгелік ақшадан бастап, өз қалауыңызша 500, 1000, 2000 сынды ақшаларыңызды сала бересіз. Сонда барып ақылды құрылғы сізге су, көбік және көлік жылтыратқыш сынды жууға қажетті қоспаларды босаталды. Оларды арнайы тетікшелер арқылы басқарып отырасыз. Салған ақшаңыз таусылғанша сіз жууға қажетті қоспаларды өз қалауыңыз бойынша пайдалана аласыз. Жаңадан іске қосылған орталықта негізі көлік жуатын 5 орын бар. Нысан аумағына толықтай бейнекамералар орнатылған. Қазіргі уақытта 2 жеңіл көлік жуатын, 1 жүк көліктерін жуатын арнайы орын жұмыс істеп тұр. Ал қалғаны алдағы уақытта іске қосылатын болады. Ел азаматтарының өз қаражаты есебінен ашқан бұл орталықтың өзге көліу жуу кешендерінен ең басты айырмашылығы бағасының тиімділігінде. Аудандағы тың жоба ретінде бағаланып, ел игілігіне жұмыс істей бастаған орталықта 500 теңге жеңіл көлікті жуып алуға толық мүмкіндік бар.
Осы маңынан өтіп бара жатып, ерекше нысан назарына іліккен қала тұрғыны А.Құрманияз:
Әдеттегі көлік жуу орындарына жұмсаған қаражатқа осы жерде көлігімізді бірнеше мәрте жуатын болдық. Меніңше тиімдісі осы сияқты. Өз өзіне қызмет көрсететін орталықтарды Ақтөбе қаласынан көргенім бар еді. Енді міне, Аралға да жетті. Мұның бір жақсы жері қалтаңда қалған азын-аулақ тиынға көлік жуып алуға болады. Мұның бәрі еліміздің кәсіпкерлік саласына қолдау көрсетіп жатқанының жемісі. Ауданның дамуына әсер ететін осындай жерлердің көптеп ашыла беруіне тілекшіміз, - дейді.
Шындығында бағасы қалтаға қонымды, жұмысы өнімді мұндай көлік жуу орталықтарының көптеп ашылғаны аудан тұрғындары үшін жақсы жаңалық.
Мен өзім қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында тұрамын. Туған жерім осы Арал болған соң қлымыздан келгенді елге болсын деп жатырмыз. Сол себепті азаматтармен бірлесіп осы жұмысты қолға алуға ниет қылғанбыз. Әркім өзі үшін қызмет қылуға дағдыланса, ауданда мұндай орталықтардың маңызы артады деген ойдамыз. Бастысы туған жерге аз да болса пайдамыз тиіп жатқанына қуаныштымыз. Әзірге бұл көлік жуу орталығы ауа райы минус 15 градусқа дейін жұмыс істейді. Ал қыс мезгілінде уақытша тоқтайтын болады. Себебі, орталық жылы мезгілде ғана жұмыс жасайды. Өздеріңіз көріп тұрғандай орталықта көлік қоятын орындар ашық. Қыста бұл ыңғайсыздық тудырады, – дейді осы орталықты ашып жатқан кәсіпкер азаматтардың бірі – Қ.Райханов.
Тың кәсіпті қолға алып, ауқымды қаражатты қажет ететін орталықты ашқан азаматтың бастамасына жанашыр жақындары мен достары тілектестік білдіруде. Керек кәсіпті қолға алып, елге қызмет етуді көздеген елжанды жанға біз де сәттілік тіледік.
А.Бисенов.