Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Фармацевтика: 41 жоба іске асырылды

Фармацевтика: 41 жоба іске асырылды

«Фармацевтика өнеркәсібі экономиканың өте маңызды секторы және халық өмірінің қауіпсіздігі мен денсаулығының негізі болып табылады. Биыл фармацевтика өнеркәсібінде – 34,1 пайыз, инвестицияларда 5,2 пайыз серпінді өсу байқалады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин: «Та- нымал компаниялардың, оның ішінде трансұлттық компаниялардың қатысуымен 41 жоба іске асырылды, оның ішінде антибиотиктер, алколоидтер, антисептиктер шығаратын жеке қорғаныш құралдарын және хирур- гиялық мақта шығаратын аса ірі компаниялар бар», – деді Үкімет отырысында.

Бұл шаралар арқылы Үкімет басшысы 5 мыңнан астам жұмыс орны құрылғанын еске салды. «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуда отандық өндірушілердің үлесі 30 пайызға дейін өсті, бұл көрсеткіш тұрақты өсіп келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пікіріне сәйкес, елдің дәрі-дәрмектік қауіпсіздігі өзіндік фармацевтика өндірісі кемінде 30 пайыз болған жағдайда қамтамасыз етіледі, ал ұсынылып отырған Кешенді жоспардың арқасында 2025 жылға қарай өз өндірісімізді нақты мәнде 50 пайызға дейін жеткізе аламыз», – деді Асқар Мамин.
Ал ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов «Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын» таныстырды. Министрдің айтуынша, еліміздегі отандық кәсіпорындар дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың 75 пайызын өндіреді. «Отандық фармацевтика саласында 96 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың 33-і дәрілік заттар, 41-і медициналық бұйымдар және 22-сі медициналық техника өндіреді. Бес мыңнан астам адам фармацевтика өнеркәсібінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді. Ірі өндіріс ошақтары еліміздің 4 өңірінде – Алматы мен Шымкент қалаларында, Алматы және Қарағанды облыстарында орналасқан. Олар дәрідәрмек пен медициналық бұйымдар өндірісінің 75 пайызын қамтамасыз етеді», – деді министр.
Биылғы 8 айда отандық кәсіпорындар фармацев- тикалық өнімдерге деген жоғары қажеттілікті қамта- масыз етіп, өндіріс 34,1 пайызға өскен. Инвестиция 5,2 пайызға артып, 4,1 млрд теңгені құраған. Сонымен бірге отандық дәрі-дәрмектердің ішкі нарыққа шығуы жеңілдейді. «Фармацевтикалық қызметті заңнамалық реттеу аясында отандық өндірушілер мен шетелдік инвесторлар үшін фармацевтика өнімдерінің ішкі нарыққа шығуын оңайлату қарастырылған. Сатып алудағы жергілікті өнім үлесін ұлғайту және сатып алу мерзімін қысқарту көзделеді. Мысалы, шет елдердің тәжірибесіне қарасақ, дәрілік заттар айналысын бөлек реттеу мен медициналық бұйымдар айналысына қойылатын түрлі талаптарға байланысты нарыққа тез шығуын қамтамасыз етеді. Келісімшартта өндіріс тетігі пысықталған. Ол отандық тауар өндірушілер базасында әлемдік және отандық фармацевтикалық өндірушілердің бірлескен өндірісін жеңілдетеді», – дейді Б. Атамқұлов.
13 қазан 2020 ж. 676 0