Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал: «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы тың жобаларға жол ашады

Арал: «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы тың жобаларға жол ашады

«Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Ерлан Нұрланбаев бастаған топ Арал ауданына арнайы жұмыс сапарымен келді.
Корпорация өкілдері аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың қабылдауында болып, одан әрі ауылшаруашылығы саласының өкілдері және аудан кәсіпкерлерімен басқосу өткізді.
Аудан әкімінің төрағалығымен өткізілген мәжіліске әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Ерлан Нұрланбаев, директорлар кеңесінің мүшесі Ғалым Әміреев, басқарма төрағасының кеңесшісі Азамат Досжанов және Диярхан Нұрғазыұлы қатысты.
Аудан әкімі өз сөзінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті жолдауында ауыл шаруашылығы саласының маңыздылығын атап өтіп, Үкіметке жедел арада Агроөндірістік кешенін дамыту жөніндегі жаңа ұлттық жобаны әзірлеуге тапсырма беріп, негізгі міндеттерін айқындап бергенін атап өтті. Сондай-ақ, өңірімізде мал басы қаншалықты өскенімен, ет өндірісі бойынша шешімін таппаған мәселелер жеткілікті екенін айтып, балық шаруашылығын дамыту мәселесі де маңызды шаруаның бірі екендігіне тоқталып өтті.
Алдымен сөз алған Ерлан Құмарбекұлы бас қосуға жиналғандарды әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы қызметінің басты бағыттары мен мақсатын таныстыра келе, жаңадан қолға алынып жатқан жобалар жөнінде айтып, ауылшаруашылығын дамыту бағытында бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
Бұдан соң Ғалым Әміреев пандемия жағдайында кәсіптері тоқтап тұрған азаматтарға корпорациямен бірлесе кәсіп нысанын өзгерте отырып, жұмыс жасау бағытында кеңірек түсіндіріп өтті. Сонымен қатар мәжіліске қатысушылардың күн тәртібінде көтеріліп отырған мәселелерге байланысты ұсыныс-пікірлері мен сұрақтары тыңдап, жауап берді. Әлде де тиімді ұсыныстарды корпорация тарапынан қарап, талдауға мүмкіндік мол екендігін жеткізді.
Мәжілістен кейін қатысушылар бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралады.
kyzylorda-news.kz
31 қазан 2020 ж. 454 0