Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    Бүгін аудан әкімі Мұхтар Әуесұлының төрағалығымен  жаппай кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланған жиын өткізілді.    Мәжіліске жергілікті салық, статистика органдарының, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік бөлімдері, аудандық кәсіпкерлік палатасы өкілдері және ауылдық округ әкімдері қатысты.
    Алдымен облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Әбілқасымұлы облыс бойынша кәсіпкерлік нысандары санының өсу деңгейін және  барлық мәселелерге мемлекет тарапынан қолдау шаралары болғанымен, кейбір көрсеткіштердің төмендегені жөнінде айтып өтті.
    Одан соң «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-нің өкілі Айдар Даниярұлы өз баяндамасында қаржыландырылған жобаларға және кәсіпкерлердің салық төлемдері мен несие өтемдерін уақытылы төлеу қажет екендігіне тоқталды.
    Жиынға қатысушылар баяндамашыларға сауалдарын қойып, пікірлерімен бөлісті. Баяндамашылар қойылған әрбір сұраққа тиісінше жауап берді.
    Аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы аясында нәтижелі көрсеткіштерге жету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды күшейту жөнінде тиіс бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
09 тамыз 2019 ж. 932 0