Халықтың тұрмыс-тіршілігі басты назарда

Соның бірі аудан орталығынан шалғай орналасқан қарашалаңдық ағайындардың тілегіне сәйкес бастау алған елді мекеніндегі ауыз су тарту жұмыстары.
Кеше аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Қарашалаң су тарату станциясында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына тағы бір мәрте бақылау жасап, су мұнарасын жаңарту жұмыстарына куә болды. Су тарту жұмыстары аясында атқарылып жатқан жұмыстарды талдап өткен аудан басшысы жергілікті тұрғындар ауыз суға бектілген мерзімде қол жеткізуі қажет екендігін баса айтып, жұмыстарды сапалы әрі тиянақты аяқтауды қатаң тапсырды.
Жұмыс сапара барысында білім ошағына бас сұғып, ауыл үлкендерімен жүздесті. Кездесуде ауыл ақсақалдары ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдірді. Тұрғындар тарапынан түскен əрбір ұсыныстың өзекті екендігін атап өткен аудан әкімі мәселелерді шешу бағытында тиісті жұмыс жасалатындығын жеткізіп, аудан көлемінде шешімін тауып, жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жайын кеңінен баяндап өтті.

Мұнан соң Аманөткел елді мекенінің тұсындағы Бұрма құлақ басына арнайы табан тіреп, дария суының жай-күйімен танысты.

