Елге жасаған еңбек ескерусіз қалмайды
![](/uploads/posts/2020-11/medium/1604983921_img-20201109-wa0011.jpg)
Байқоңыр қаласында 1997 жылы дүниеге келген ол мектеп бітірген соң М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетіне «қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны 2018 жылы бітірген. Сол жылы қызметке орналасып, білім ордасында алған бар білім-білігін өз жұмысында қолданып келеді.
Жұмысына адал, тапсырманы орындауда тиянақтылығы көпке үлгі болатын жас маманның 2019 жылғы күзгі маусымдық Ақбасты індет жасағында және «Возрождение» аралында эпизоотологиялық тексеру жұмыстарына қатысуы өз жұмысына деген жауапкершілікті нығайта түскендей. Мұнан бөлек 2020 жылы наурыз айында Алматы қаласындағы «Аян» блок постында және сәуір-мамыр айларында Түркістан облысы Сарағаш, Жетісай аудандарында «COVID-19» пандемиясына байланысты жұмыс атқарғанын айрықша атап өтуге болады.Елден ес кетіп, індеттің қарқыны күшейген тұста басын бәйгеге тігіп, халықтың амандығы үшін күн-түн демей қызмет еткен мұндай қызметкерлердің еңбектері ешқашан ескерусіз қалмақ емес. Солай болды да. Жұмысына адал білікті маман жақында Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 19 маусымдағы жарлығы бойынша тағайындалған «Халық алғысы» мерекелік медалімен марапатталды.
Еңбек екпіндісіне мерекелік медалді Қазақстан Республикасы ДСМ «М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Т.Ерубаевтың өзі табыстап, індетпен күресте бірлесе іс қылған барлық әріптестеріне өз ризашылығын білдірген болатын. Ұжым мүшелерімен болған жарқын жүздесуде аталған ғылыми орталықтың инженерлік-техникалық қамтамасыз ету департамент директоры О.Темірбеков және «Қызылорда облысы обаға қарсы күрес станциясы» филиалының директоры Н.Нұрмағамбетовтер де куә болып, мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдауда, ұжым мен станция жұмысының жақсы болуы керектігін атап өтті.
Филиалда жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысып, қандай да бір шешуді қажет ететін мәселелерге аса көңіл бөлген қонақтар мекеме аумағында орналасқан ғимараттардың қазіргі жағдайына қанықты. Сонымен қатар Ұлттық орталықтың негізгі мақсаттары мен жеткен жетістіктерін баяндап, алға қойған жоспарларымен бөлісті. Қызметкерлердің қазіргі уақыттағы әлеуметтік жағдайымен танысып, мекеме жастарына қолдау көрсете отырып, олардың білімдерін одан әрі шыңдауына мол мүмкіндіктер бар екеніндігін және сол үшін аянбай еңбек ету керектігін айрықша атап өтті.
Иә, ұжым қызметкерлеріне көрсетілген мұндай құрметтің артында қажырлы еңбек пен төккен тердің жатқаны түсінікті. Талапшыл әрі білікті басшы С.Исаева басқаратын ұжым қызметкерлері алдағы уақытта да ел үшін аянбай еңбек ете беретініне сенімдіміз.
![](/uploads/posts/2020-11/medium/1604983910_img-20201109-wa0010.jpg)