Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚУАТТЫ ӘСКЕР – ҚАУІПСІЗ ӘЛЕМ

ҚУАТТЫ ӘСКЕР – ҚАУІПСІЗ ӘЛЕМ

Ғалымдардың есебі бойынша жер өркениеті 15 мыңнан астам соғысты, яғни әр жыл сайын 3 соғысты басынан өткерген. Жүздеген миллион адам қаза тауып, жер бетінен қалалар мен елдер жоғалған, мәдениеттер мен өркениеттер жойылған. Деректерге сүйенсек, соңғы 20 жылдың бедерінде терроризмге қатысты 400-ден астам оқиға тіркелген. Әлемде 15700- 17000 ядролық оқтұмсық болса, олардың көбі санаулы елдер игілігінде. Бұл ретте жаһандық қозғалыс құру өте маңызды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде адамзат қоғамы ықтимал сын-қатерлер алдында тұрғанын, бұл қауіптен атомды бейбіт мақсатта пайдалану арқылы жол табуға болатынын нақты дәйектемелермен сөз еткен-ді.
Мемлекеттік шекараны әлем мойындады
Тәуелсіздіктің алғашқы он жылы еліміз үшін ерекше сынақ жылдары болғаны белгілі. Сан ғасырлар бойы небір аласапыранды басынан кешірген қазақ халқының алдында мемлекеттік шекараны заңдық тұрғыдан халықаралық деңгейде рәсімдеу мәселесі тұрды. Шекараға байланысты мәселелерді шешу Елбасы үшін ең маңызды басымдық болды. Оның үстіне, Қазақстан шекарасының үлкен бөлігі ірі державалар – Ресей және Қытаймен шектеседі. Қазақстан Республикасы өзімен шектесетін елдермен шекараны делимитациялау және демаркациялауда аса ауқымды жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде, 2002 жылы Астана мен Бейжің арасындағы мемлекеттік шекараны халықаралық құқық негізінде рәсімдеу аяқталды. Ал, 2006 жылы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қойылды. Осылайша, қазақтың кешегі және бүгінгі ұрпақтарының ғасырлар бойы күткен армандары орындалды. Қасиетті жеріміздің мемлекеттік шекарасын бүкіл әлем мойындады. Біздің еліміз шекарасының барлық периметрі бойынша сенім мен тату көршілік белдеуі құрылған. Сонымен бірге, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері ядролық держава ретінде танылған бес мемлекет – АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Қытай және Франциядан өз аумағының тұтастығы мен қауіпсіздігіне кепілдік алды. Сөйтіп, еліміз өзінің сыртқы жағдайда қолайлы дамуын қамтамасыз етті.
Қорғаныс әлеуеті жаңашылдықты талап етуде
Өзінің дербес Армиясын құруға заң­ ды құқығын еліміз 1992 жылы 7 мамырда ел Президентінің «Қазақстан Республи­ касының Қарулы Күштерін құру тура­ лы» Жарлығы шығуымен іске асырды. Тәуелсіздік жылдары елімізде заманауи әскер қалыптасып, аяғынан нық тұрып, соң­ ғы үлгідегі қару-жарақпен жарақтандыры­лып, білікті мамандар жинақталды. Ширек ғасырдың ішінде Қарулы Күштеріміздің қанаты қатайды, бұғанасы бекіді. Біздің қасиетті топырағымыз әуеде де, жерде де, суда да қорғаныс аясында. Президент 2017 жылы әскери білім мен ғылымды дамытудың негізгі бағыттарын айқындайтын әскери Доктринаны мақұлдады. Ал, соңғы онжылдықта әскери қауіптің сипаты өзгеріп, анағұрлым дәл және тиімді қарулар пайда болып, соғысты қашықтықтан жүргізу тәсілі сұранысқа ие болып отырғандығы белгілі. Бұл Қарулы Күштерді қайта жинақтап, әскери мамандар мен ғылымды жаңаша оқытуды талап етуде. Еліміз – әскери кадр даярлаудың толық циклі құрылған аз мемлекеттердің бірі.
Бітімгерлік миссиясы – сыртқы саясаттағы басым бағыт
Тәуелсіздікке қол жеткізгелі еліміз 182 мемлекетпен дипломатиялық әрі конс­ труктивті қарым-қатынас орнатыпты. Осы ширек ғасырда шет мемлекеттерде Қазақ­ станның 57 елшілігі мен 31 дипломатиялық мекемесі ашылған. Бүгінде Қазақстанда 95 шетелдің елшілігі мен халықаралық ұйымдардың өкілдігі жұмыс істейді. 1994 жылы алғаш рет айтылған Еура­ зиялық экономикалық одақ құру туралы Президенттің идеясы бүгінде шындыққа айналды. Елбасы өткен жылы Ақордада өткен дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйым өкілдіктерінің бас­ шыларымен өткізген дәстүрлі кездесуінде ірі державаларды өзара ынтымақтастық орнатуға шақырды. Ресей-Түркия қарымқатынасын және Ауғанстандағы ішкі саяси жағдайды реттеуге үн қосып, Иранның яд­ ролық бағдарламасы бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға атса­ лысқан Қазақстан Латын Америкасымен, Кариб бассейні, Африка құрлығы өңіріндегі серіктестермен де байланысты дамытуда. Елбасы өткен жылы Ақордада өткен дип­ ломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйым өкілдіктерінің басшыларымен өткіз­ген дәстүрлі кездесуінде ірі державаларды өзара ынтымақтастық орнатуға шақырды. Астанада Сирия мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіліп келеді. Еліміз кез келген шиеленістердің, тіпті дүниежүзілік соғыстардың келіссөздер алаңында аяқталуы үшін бар күш-жігерін қосуға әзір. Наурыз айында Астанада Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен Орта­лық Азия мемлекеттері басшыларының кон­сультативтік кездесуі өңірдегі қауіпсіздікті нығайту, орнықты дамуды қамтамасыз етуді кеңесе отырып шешуді мақсат етті.
Лаура ИМАНБАЙҚЫЗЫ.
06 мамыр 2018 ж. 1 794 0