Қарашалаң елді мекені таза ауыз сумен қамтамасыз етілді

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев елді мекендегі ауыз суды пайдалануға беру рәсіміне қатысты. Ауыл халқының қуанышына ортақтасқан аудан басшысы әрбір үйге кіргізілген таза әрі сапалы ауыз суды тұрғындардың игіліктеріне пайдалануына тілектестігін жеткізді.
Одан соң сөз алған ауыл ақсақалдары игі іске атсалысқан азаматтарға ризашылықтарын білдірді.
Қарашалаң елді мекеніне ауыз су желісін тарту жұмыстары барысында су тарату станциясы күрделі жөндеуден өткізіліп, су мұнарасы да жаңартылды. Нәтижесінде ауылдағы 132 үйге су есептегіш қондырғысымен ауыз су кіргізілді.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі