Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Бүгін – Дінмұхамед Қонаевтың туған күні

Бүгін – Дінмұхамед Қонаевтың туған күні

12 қаңтар – аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Еңбек Қызыл Ту ордені мен үш мәрте Социалистік еңбек ері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күні, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол 1912 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
1936 жылы Мәскеудегі түсті металл институтын тәмамдап, қызмет жолын 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатында бастаған.
Сонымен қатар 1939 жылы "Алтайполиметалл" комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддердегі "Лениногор" кен басқармасының директоры, 1942-1952 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, 1955-1960 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1960-1986 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.
Дінмұхамед Ахметұлының тікелей бастамасымен қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды.
Қала көшелерінің саны артып, 12 ықшам аудан ашылды. Мектеп пен бала-бақша ғимараттарының құрылысы басталып, Оқушылар сарайы қолданысқа берілді. Республика сарайы, Спорт және Мәдениет сарайы, "Медеу" спорт кешені, Ұлттық Кітапхана, цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандары бой көтерді. Авто, аэро және темір жол вокзалдары, әуежай, "Алматы", "Отырар", "Жетісу", "Алатау", "Достық", "Қазақстан" қонақүйі салынып, қала көркін ашты.
Біртуар тұлға 1993 жылы 22 тамызда 82 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.
12 қаңтар 2021 ж. 118 0