Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Nur Otan партиясы Қызылордада жалғызбасты анаға көмектесті

Nur Otan партиясы Қызылордада жалғызбасты анаға көмектесті

Nur Otan партиясы Қызылордада жалғызбасты анаға көмектесті.

Жұмыссыз Самал Байкенованың 2 баласы мүгедек. Қызылорда қаласында пәтер жалдап тұрады. Баласы бронхиалды астмамен ауырады. Қызына дәрігерлер  тромбоцитопатия диагнозын қойған.

Былтыр 22 желтоқсанда Қызылорда облыстық партия филиалында депутаттыққа кандидат (Қазақстанда сайлауалды үгіт-насихат 2020 жылдың 10 желтоқсаны күні басталып, 2021 жылдың 9 қаңтарында аяқталды. Сайлау биыл 10 қаңтар күні өтті – ред.) Нұридин Әмитовтың қоғамдық қабылдауына келді. Жалғызбасты ана баласына «Неволайзер» тыныс алу аппараты қажет екенін айтып, көмек сұрады.

Нұридин Әмитов сайлау өткен соң уәдесінде тұрды. Самал Байкеноваға «Неволайзер» аппаратын табыстады.

03 ақпан 2021 ж. 365 0