Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал ауданы тұрғындарының назарына!

Арал ауданы тұрғындарының назарына!

Құрметті аудан тұрғындары! 
Елімізде қауіпті індеттің таралу қарқыны бәсеңдемеуі салдарынан эпидемиологиялық ахуал күрделене түсуде.
Қазіргі таңда аудан бойынша 8 тұрғынның дертке шалдыққандығы анықталып отыр.
Коронавируспен күрес ешкімге оңайға соқпайтыны белгілі. Сондықтан да әрбір тұрғын қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға тиіс.
Дәл қазіргі індеттің алдын алып, оны тоқтату ең алдымен өз қолымызда екендігін естен шығармауымыз қажет.
Көпшілік орындарда міндетті түрде бетперде, арнайы қолғап пайдаланыңыздар. Арақашықты сақтау басты қаперіңізде болсын.
Сондай-ақ, отбасылық салт-дәстүрлер аясында өткізілетін жиын-тойларды, құдажол, садақаларды мүлдем шектеуіміз керек.
Карантин режимінің талаптарына құлақ аспай, қарапайым қағидаларды сақтамау - қоғам үшін қауіпті екенін естен шығармайық.
Кәсіпкерлік нысандар мен сауда орталықтары, дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындары бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес белгіленген қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, шектеу уақытына дейін ғана жұмыс жасауы тиіс.
Санитарлық талаптардың сақталуын қадағалау үшін аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильді топ күшейтілген рейд шараларын жүргізетіндігін хабарлаймыз.
Бұл індетті еңсерудің тиімді жолы – үйден шықпай, сақтық шараларын берік ұстанып, жан-жағымызға, жақындарымызға жанашырлықпен қарау.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. 
10 ақпан 2021 ж. 614 0