Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 260 шара өткізіледі

Қызылордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 260 шара өткізіледі

Қызылорда облысында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту жөніндегі облыстық кешенді іс-шаралар жоспары әзірленді. Оған Тәуелсіздік жылдарындағы жетістікті насихаттайтын түрлі форматтағы 260 шара енгізілген.
Аталған жоспар «Жасампаздыққа толы жылдар» басты идеясы аясында «Қазақстанның жаһандық бастамалары. Халықаралық қауіпсіздікке үлес», «Қазақстан – спорттық ұлт», «Қазақстанның ұлттық дәстүрлері мен мәдениеті», «Ғылым және технологиялар», «Ұлттық бірлік, бейбітшілік пен тұрақтылық», «Патриотизм», «Елорда күні. Нұр-Сұлтан – табыс пен өркендеудің символы», «Тәуелсіздіктің құқықтық негіздері. Құқық үстемдігі және азаматтық қоғам», «Білім», «Ауылды қайта түлету», «Индустриялық-инновациялық даму. Цифрлық экономика» және «Тәуелсіздік – жүзеге асқан арман. Қазақстан жолы» секілді 12 тақырыптық бағытта жүзеге асырылатын болады.

«Мемлекет басшысы айтқандай Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын мерекелеу ісі даңғаза ірі шаралармен емес, керісінше халыққа түсінікті, танымдық-ұлағатты дүниелермен жүзеге асырылатын болады. Кешенді іс-шаралар жоспарына енгізген 12 тақырыпты әр айға бөліп, насихаттайтын боламыз», – деді облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет.
12 ақпан 2021 ж. 615 0