Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Берері мол бағдарлама

Берері мол бағдарлама

Бүгінде ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау жоғары. Әсіресе мал шаруашылығын дамытуда асыл тұқымды ірі қара өсіруге деген жұрттың ықыласы ерекше. Түрлі бағдарламалар арқылы төмен пайызбен несиелер алып, өз шараушылықтарын өрісті етіп отыр. Тиісінше аталған шараушылықтың дамуы ауылдықтардың кәсібін кеңейтіп берекесін кіргізіп отыр.
2020 жылы өткен жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 0,1 пайызға, жылқы 2,8 пайызға, түйе 5,7 пайызға, қой мен ешкі 1,4 пайызға өскен. Ауданда ауыл шаруашылығы саласы бойынша 26 заңды тұлға мен 856 шаруа қожалығы тіркелсе, оның ішіндегі 7 ауыл шаруашылығы құрылымы асыл тұқымды мал өсірумен айналысады.
Н. МАРАТ
Сондай-ақ "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" Акционерлік қоғамы БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірлескен  «Эко-Даму»  несиелеу бағдарламасының  екінші кезеңі 2021 жылы басталды.  Бағдарлама экологиялық таза кәсіпкерлік түрлерін қолдауға бағытталған және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жақын орналасқан ауыл тұрғындарына арналған. Бағдарлама ауылдық жерлерде қоршаған ортаға зиян келтірмейтін және экожүйелерді сақтауға ықпал ететін жобаларды дамытуға бағытталған. Оған экотуризм, орман, балық, аңшылық, құс шаруашылығы, қоян шаруашылығы, ара шаруашылығы және жайылымдық жерлерді пайдалану жатады.
         – Ауыл кәсіпкерлері бизнес-жобаларды дамытуға 6%-бен 5 жылға дейінгі мерзімге несие ала алады. Ауыл кәсіпкеріне ҚР Ұлттық Банкі белгілеген 100 айлық есептік көрсеткіштен 3100 айлық есептік көрсеткішке  дейінгі мөлшерде несие беру жоспарланған, қосалқы 5400 айлық есептік көрсеткішпен алуға мүмкіншіліктері бар. Бағдарламаға қатысуға өтінім беру үшін "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының" Акционерлік қоғамынын Қызылорда облысының филиалына бару керек. «Эко-Даму» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі тең экономикалық мүмкіндіктерді қамтамасыз ете отырып, гендерлік теңдікті сақтау, – дейді аудандық кісіпкерлік, өнеркәсіп және туризм  бөлім статист маман Нұрлан Есенәлиев.  
Маманның айтуынша бұл бағдарламада несие алушы әйелдерге басымдық беріледі екен. Сондай-ақ аталған бағдарламаға ерекше қорғалатын Барсакелмес табиғи қорығына жақын орналасқан Қаратерең, Жаңақұрылыс, Беларан, Бөген, Аманөткел, Қамыстыбас, Қосжар, Райым, Мергенсай, Жетес би  ауылдық округ тұрғындары қатыса алады.
Сондай-ақ "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" Акционерлік қоғамының басқада бағдарламалары арқылы жұмыс жасап тұрған және кәсіпін енді бастап жатқан кәсіпкер субьектілеріне несие алуға қолайлы жағдайлар қарастырылған. Соның бірі, өткен жылы "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" Акционерлік қоғамының Кызылорда филиалында "Еңбек" бағдарламасы бойынша Бекбауыл ауылының тұрғыны кәсіпкер Тынайев Бақытжан жылқы шараушылығын дамытуға 4 миллион несие алған. Бүгінде кәсіпкердің шаруашылығы дамып келеді.
– Бұған дейін де кәсіппен айналысып жүрдім. Бірақ мұндай несие алып көрген емеспін. Маған бағдарламаның төмен пайызбен берілетіндігі және әлеуметтік статусының ескерілетіндігі ұнады. Яғни мен көпбалалы ата-ана болғандықтан көптеген жеңілдіктер қарастырылды. Бастапқыда кәсібімді дамыту үшін алты айға дейін несие төлемеуге болатын каникул берілді. Қазір төлем жасап бастадым. Мөлшерлемес аз болғандықтан несиені төлеу қиындық туғызып жатқан жоқ, – дейді кәсіпкер.
Ауылшаруашылық саласына деген мұндай қаржылай қолдау көрсететін бағдарламалардың ауыл халқының тұрмысын түзуге көрсететін "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының" Акционерлік қоғамынын Қызылорда облысының филиалының септігі жоғары болып отыр. Өз кезегінде шалғайдағы ағайының қорасы малға толып, кәсіпкерлік көкжиегі кеңіді.
24 ақпан 2021 ж. 970 0