Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыз тәрбиесі - Ұлт тәрбиесі

Қыз тәрбиесі - Ұлт тәрбиесі

  8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Оқушылар үйінде «Қыз бала тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты ток-шоу  өтті.
Шараның мақсаты қыздар арасында  әдемілік пен әдептіліктің, иба мен инабаттың, нәзіктік пен пәктіктің символы болып қалыптасқан қазақ қыздарына ұлттық қолөнерімізді, ісмерлік пен шеберлікті насихаттау.
Ток-шоуға Арал ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Санира Нұрқожақызы қатысып, қыз баланың тәрбиесі әрқашан назарда екенін, олардың бойына өнегелі қасиеттерді дарыту – ұлттық парызымыз екенін атап айтты.
Кештің құрметті қонақтары ардагер ұстаз, қолөнер шебері Гүлнар Жүсіпқызы, тігін шебері Ниязмұратова Жанар Таупихқызы, шаштараз шебері Сердалиева Күнсұлу Елемесқызы, кондитер Жаңабаева Индира Әділкерейқызы, №83 мектептің психологы Бекжанова Айгүл Оразғалиқызы болды. Сонымен бірге, қала мектептеріндегі тәрбие саласының мамандары және оқушы қыздарымыз қатысты.
Өз кәсіптерінің майталман шеберлері қыздарға өздерінің мамандық таңдау жолдары туралы қызықты әңгімелерді айта отырып, шеберлік сыныптарын көрсетті. Гүлнар Жүсіпқызы сегіз өрімді өрудің тәсілін көрсетсе, тігінші Жанар Таупихқызы жылдам, әрі әдемі етіп белдемше пішіп-тігуді үйретті. Шаштараз Кунсұлу Елемесқызы қыз балаларға шаш күтімі туралы акпарат беріп, шаштарын қимай да әдемі етіп жинақтауға болатынын, кондитер Индира Жаңабайқызының тәтті пісірудің әдіс тәсілдерімен бөлісіп, қыздарымызды аспаздыққа деген қызығушылықтарын арттырды. Психолог Айгүл Оразғалиқызы күнделікті көңіл күйді көтеріп, жаңа бастамаларды жоспарлауға комек беретін тренингтер туралы акпарат беріп, көңілді сергіту сәтін жасады.
Ток шоуға қатысқан қыз балалар өздерін толғандырған сұрақтарына жауаптарын алып, алдағы уақытта да кеш қонақтарынан шеберлік сабақ алатын болды.
05 наурыз 2021 ж. 632 0