Биыл Қызылорда – Жалағаш жолы жөнделеді

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 33 жоба іске асырылады. Яғни биыл облыстық және аудандық маңызы бар жолдар жөнделіп, пайдалануға беріледі. Сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда – Жалағаш жолы жөндеуден өтеді. Елді мекендердің кіреберіс жолдарын дамыту және аудан орталықтарымен байланыстыру мақсатында Арал ауданының Жаңақұрылыс, Бекбауыл ауылдарына баратын жолдарды салу үшін жаңа жобалар жүзеге асырылады, – деді Мұрат Жолкелдіұлы.
Мұрат Тлеумбетовтің сөзінше, облыстық маңызы бар жол бойындағы бес апаттық жағдайдағы көпір жөнделеді. Бұған қоса, Қазалы ауданы, Қарлан учаскесіне Сырдария өзені арқылы көпір салынады. Бүгінде жобалық-сметалық құжаты әзірленген, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Тиісті құжаттар дайын болғанда құрылыс жұмыстары басталмақ.
baq.kz