Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлт денсаулығы – басты назарда

Ұлт денсаулығы – басты назарда

«Бастамаларды қолдау» қоғамдық бірлестігінің және Қызылорда облыстық денсаулық сақтау бастамасының ұйымдастыруымен «Ұлт денсаулығы – басты назарда» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге «Nur Otan” партиясының аудандық филиалының өкілдері, денсаулық сақтау салсының мамандары, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында алғаш болып аудан әкімінің орынбасары Ербол Талекенов сөз алып, аудандағы денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістерге айтып өтті. Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің тиімді тұстарына тоқталып өтті.
Одан соң «Бастамаларды қолдау» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Ж. Сапаржанова «Ұлт денсаулығы – басты назарда» жобасы бойынша жүргізілген зертеудердің қорытындысы тақырыбында баяндама жасады.
Аталған қоғамдық бірлестіктің Төлепова Жанат бүгінгі дөңгелек үстелді өткізудің негізгі мақсаттарын түсіндіріп өтті.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты аймақ көлемінде денсаулық сақтау саласына зерттеу жүргізу арқылы мемлекеттік органдармен азаматтық қоғамдастықпен бизнес-құрылымдармен конструктивті диалог құру арқылы денсаулық сақтау саласын жақсарту болып табылады.
Жиынға қатысушылар денсаулық сақтау саласына қатысты өздерінің ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.
Дөңгелек үстел барысында денсаулық сақтау мәселесі 4 азаматтың жеке мәселесі қаралды.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
27 наурыз 2021 ж. 753 0