Қызылорда: Жаңа қаулы шықты

– білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беріледі;-тәуекелі төмен және орташа аймақтарда (жасыл және сары аймақтарда) орналасқан өңірлердегі жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға рұқсат беріледі;
-тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде: жалпы білім беретін мектептерде 1-сыныптан бастап 5-сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-сыныптан бастап 7-сыныпты қоса алғанда, мектеп алды сыныптарының оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытылады; -оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытылады.
Бұл ретте бір сыныпта 15 адамнан асырмай, «1 сынып – 1 кабинет» қағидаты бойынша оқытылуы тиіс, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимі орындалуы қажет.Бұл өзгерістер ағымдағы жылдың 29 наурызынан бастап күшіне енеді.
syrboyi.kz