"Кәсіби бағдар керуені" Аралда

Осыған байланысты кеше 6 сәуірден бастап “Болашақ” университетінің кәсіби бағдар беру жұмысы басталды. Топ "Болашақ" университетінің жас оқытушылар мен белсенді студенттерден құралған.
"Кәсіби бағдар керуенінің" негізгі мақсаты – университеттегі студенттік өмір, заманауи материалдық базасы мен оқу үдерісінің барлық этаптары туралы ақпарат беру. Ең алдымен топ өз жұмысын Арал ауданынан бастады. Қаладағы мектептерге, атап айтсақ, №83, №13, №260, №14, №220, №71 орта мектептері, №62 мектеп-лицей, №262 мектеп-гимназия және №2 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына барып, шәкірттерге кәсіби бағдар беру жұмысы толық жүргізілді. Болашаққа зор үмітпен қадам басқалы отырған шәкірттерге нағыз маман атану үшін, алдымен жақсы білім алу және мамандық таңдау маңызды екені түсіндірілді. Кәсіби бағдар жұмысы кезінде университет туралы ақпарат, бейнеролик және "Болашақ bridge" университеттің жастар фильмі көрсетілді.
Керуен ұжымының кәсіби бағдар беру жұмысына көмектескен Арал ауданындағы білім беру ұйымдары басшыларына ризашылығын білдірді. Сонымен бірге "Болашақ" университетінен білім алуға талаптанған шәкірттерге есігі білім ордасының есігі әрқашан ашық және асыға күтетіндерін жеткізді.
"Толқын" ақпарат