Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыстық байқауда жеңімпаз атанды

Облыстық байқауда жеңімпаз атанды


Жақында облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен оқушылар мен жасөспірімдерге ерте жастан кәсіби бағдар беру, кәсіби диагностикалау мен мамандық таңдау жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп директорларының бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасарларының «Үздік кәсіби бағдар беру» сырттай бейнероликтер байқауы өтті.
Байқауға аудан, қала мектептері дайындаған 30-ға жуық бейнеролик қатысты. Байқаудың мақсаты – тақырыптың өзектілігін, мақсат пен міндеттің айқындағын көрсету, жеткіншектерді мамандық таңдауда жол көрсету еді. Соған байланысты бұл байқауға №220 орта мектеп ұстаздары да қатысып, өз пәнінің ерекшелігін түсіндіріп, бір ауыз сөздің ішіне бар ойын сыйғызды. Сол арқылы мамандығының қыр-сырын айтып өту негізгі мақсат болатын. Соған сәйкес ойын тереңінен жеткізген осы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дархан Аманжолов:
«Газет – халықтың көзі, тілі, һәм құлағы» деп қазақ журналистикасының негізін салушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, журналистика қоғамды дер кезінде боямасыз, шынайы, әділ дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етеді. Соған сәйкес, журналист те өзге мамандық иелеріне қарағанда, ерекше қарым-қабілетпен жан-жақты білімді болуы тиіс. Дауыс мәнеріңіз бен сөз саптауыңыз, басқа да ерекше қабілеттеріңіз болса, креативті идеялар мен тың ойларыңыз болса, журналистика мамандығы асыға күтеді», – деп жастарды осы салаға бет бұруға шақырды. Осындай бастамамен шәкірттерді журналистика саласына бет бұруға шақырғаны – қуантарлық жайт. Дарханның әрбір жазған ұшқыр ойлы жазбалары оқырман ойынан шығып келеді. Бейнероликтегі сөз саптауы да шәкірттерді осы жолды таңдауына ықпалын тигізеді деген ойдамыз. 
Бұл бейнероликті дайындауда мектеп директорының бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары Қуаныш Әбішев әрбір детальға мән берді. Байқаудың материалдарын Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның білікті мамандары сараптап, өз бағаларын берді. Нәтижесінде бейнеролик ерекше сипатқа ие болып, облыс бойынша ІІ орынды иеленді. Байқауға қатысқан бұл бейнеролик сапасы, жаңашылдағы, креативтілігі, шынайы көрініс жағынан жоғары орын алып, ата-ана, мектеп, қоғам арасындағы байланысты көрсете білді.
Күнзипа Зденова
26 қараша 2019 ж. 1 584 0