Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2020 жылы сұранысқа ие болатын 15 мамандық

2020 жылы сұранысқа ие болатын 15 мамандық

Кәсіби байланыс орнатуға арналған LinkedIn әлеуметтік желісі 2020 жылы сұранысқа ие болатын мамандықтарды атады, деп жазады massaget.kz Тізімдегі мамандықтың көбі ақпараттық технологиямен байланысты.
1. Жасанды интеллект маманы
Мамандық сипаты: жасанды интеллект технологиясын енгізумен айналысатын маман. Керек дағды: машинамен оқытуды меңгеру, TensorFlow, Python, табиғи тілді өңдеу.
2. Робототехник-инженер
Мамандық сипаты: робот жасайтын маман. Керек дағды: робот жобасын жасай алу, UiPath, Blue Prism, процестерді автоматизациялау.
3. Деректер аналитикасы маманы
(Data Scientist) Мамандық сипаты: үлкен массив дерекерді өңдеп, талдап, сақтайтын маман. Керек дағды: деректердің статистикалық талдауын жасау, математикалық модельдерді жасай алу, үлкен массив деректермен жұмыс істей білу.
4. Full-stack маманы
Мамандық сипаты: тұтас веб-қосымша (қолданбалы және сервер) жасайтын маман. Керек дағды: React.js, Node.js, jаvascript, AngularJS.
5. Сайт беріктігінің инженері
(Site Reliability Engineer) Мамандық сипаты: қосымшаның, сайттың берік, сенімді жұмысын қамтамасыз ететін инженер-программист. Керек дағды: сайтқа, қосымшаға жаңа технологияларды таңдап, енгізу.
6. Клиент жағдайын жасайтын маман
(Customer Success Specialists) Мамандық сипаты: клиенттің сервиске көңілі толғанын, сервис мүмкіндіктерін пайдалана алуын қамтамасыз ететін маман. Керек дағды: маркетинг, жарнама, қаржы қызметі, ақпараттық технология.
7. Сату маманы
Мамандық сипаты: клиенттерге тауардың артықшылығын айтып бере алатын маман. Керек дағды: сата білу, лидер болу, эмпатия.
8. Дата-инженер
Мамандық сипаты: деректерді алуға, өңдеуге, жүктеуге қабілетті маман. Керек дағды: Apache Spark, Hadoop, Python, Extract/Transform / Load (ETL), Amazon Web Services.
9. Психиатр, мінез-құлық психологы
Мамандық сипаты: кәсіби көмек көрсететін, консультация беретін психотерапевт. Керек дағды: мінез-құлықты талдай білу, аутизм спектріндегі ауытқуды анықтай алу, кәсіби білім.
10. Киберқауіпсіздік маманы
Мамандық сипаты: ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін маман. Керек дағды: жобаның осал жерін анықтай алу, қолданушы деректерінің қауіпсіздігін қамтамсыз ету.
11. Back-end маманы
Мамандық сипаты: веб-қосымшаның әкімшілік-бағдарламалық бөлігімен, жүйенің ішкі мазмұнымен, деректер базасымен, архитектурасы мен бағдарлама логикасымен айналысатын маман. Керек дағды: Node.js, jаvascript, Amazon Web Services, Git, MongoDB.
12. Табыс директоры
(CRO) Мамандық сипаты: веб-қосымшаның әкімшілік-бағдарламалық бөлігімен, жүйенің ішкі мазмұнымен, деректер базасымен, бағдарлама логикасымен айналысатын маман. Керек дағды: қаржы, жарнама, маркетинг, ақпараттық технология.
13. Бұлт технологиясы маманы
Мамандық сипаты: бұлт технологиясын жасайтын, енгізетін маман. Керек дағды: Amazon Web Services, Docker, Ansible, Jenkins.
14. jаvascript маманы
Мамандық сипаты: jаvascript бағдарламалау тілін қолданатын программист. Керек дағды: React.js, Node.js, AngularJS, jаvascript.
15. Өнім иесі (Product Owner)
Мамандық сипаты: өнімнің (тех.) бастан-аяқ жүзеге асуына жауапты маман. Керек дағды: өнімді басқару, бағдарлама жасақтамасын дайындау.
08 қаңтар 2020 ж. 1 005 0