Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » COVID-19: Аралда соңғы тәулікте 20 дерек анықталды

COVID-19: Аралда соңғы тәулікте 20 дерек анықталды

Елімізде қауіпті індеттің таралу қарқыны бәсеңдемеуі салдарынан эпидемиологиялық ахуал күрделене түсуде.
Аудан бойынша жыл басынан бері 34 тұрғынның дертке шалдыққандығы анықталған болса, соңғы тәулікте тағы 20 дерек расталып отыр.
Құрметті аудан тұрғындары!
Коронавируспен күрес ешкімге оңайға соқпайтыны белгілі. Сондықтан да әрбір тұрғын қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға тиіс.
Дәл қазіргі індеттің алдын алып, оны тоқтату ең алдымен өз қолымызда екендігін естен шығармауымыз қажет.
Көпшілік орындарда міндетті түрде бетперде киіп, кемінде 2 метр арақашықтық сақтау басты қаперіңізде болсын. Сондай-ақ, отбасылық салт-дәстүрлер аясында өткізілетін жиын-тойларды, құдажол, садақаларды мүлдем шектеуіміз керек.
Карантин режимінің талаптарына құлақ аспай, қарапайым қағидаларды сақтамау қоғам үшін қауіпті екенін естен шығармайық.
Кәсіпкерлік нысандар мен сауда орталықтары, дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындары бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес белгіленген қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, шектеу талаптарына мойынұсынып жұмыс жасауы тиіс.
Санитарлық талаптардың сақталуын қадағалау үшін аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильді топ күшейтілген рейд шараларын жүргізетіндігін хабарлаймыз.
Бұл індетті еңсерудің тиімді жолы – вирусқа қарсы екпе алу және сақтық шараларын берік ұстанып, жан-жағымызға, жақындарымызға жанашырлықпен қарау.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
14 сәуір 2021 ж. 522 0