Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда 18 карантин талабын бұзу тіркелген

Аралда 18 карантин талабын бұзу тіркелген

Қызылордада карантин талабын бұзу дерегі жиі тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz
Өңірде карантиндік шектеу шаралары белгіленген. Дегенмен аталған талап тұрғындар тарапынан толықтай орындала бермейді. Карантин талаптарының сақталуы мониторингтік топтардың тұрақты бақылауында. Жыл басынан бері 45 мониторингтік топтың рейдтік тексерісі арқылы 1904 нысан қамтылды. Нәтижесінде 137 карантин талаптарын бұзушылық анықталған. Оларға жалпы сомасы 11 576 735 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.
Анықталған құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Қызылорда қаласының үлесіне тиеді, мұнда осындай 45 жағдай болған. Одан кейінгі орындардағы Қармақшыда - 28, Аралда - 18 карантин талабын бұзу тіркелген.
«Карантин талаптарының көпшілгі халыққа қызмет көрсету орындарында болады. Әсіресе, ол қоғамдық тамақтану орындарында тіркелуде. Бүгінгі күні 74 карантин талабын бұзушылық сол нысандарының үлесінде. Атап айтқанда, кейбір орындарда персонал келушілерге жеке қорғаныш құралынсыз қызмет көрсеткен, караокелер мен кальяндар жұмыс жасаған. Ғимараттың толымдылығы 30 пайыздан аспауы қажет болса да, келушілердің санына шектеу қойылмаған. Қызметіне тыйым салынса да компьютерлік клубтар жұмыс жасаған. Кей нысандар өздерінің ашылуына орай тегін тамақ таратып, адамдардың жаппай жиналып, карантин талаптарының сақталмауына себепші болған», деп мәлім етті облыстық санитариялық-эпидемиялық бақылау департаментінен.
Қазір өңірде халық тарапынан ұлттық дәстүрдегі той-жиындарды тек демалыс күндері емес, сонымен қатар жұмыс күндері де жиі ұйымдастыратыны анықталды. Сондықтан жұмысшы топ жұмыс күндері де жеке тұрғын үйлер мен мейрамханаларға, жалға берілетін коттедждерге жүргізілетін рейдтік шараларды күшейтіп отыр.

14 сәуір 2021 ж. 499 0