Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кеселді жеңудің жеңіл жолын таңдадым

Кеселді жеңудің жеңіл жолын таңдадым

Ауданда ерікті түрде вакцина салу жұмыстары кезең-кезеңімен жоспарға сәйкес жүргізілуде. Еске сала кетейік, ауданға короновирус инфекциясының алдын алуға байланысты салынатын 900 доза вакцина жеткізілген болатын.
Бүгінгі егу шарасына ауданға қарасты қала, кент, ауылдық округ әкімшіліктері қызметкерлерінің арасынан Жақсықылыш кентінің әкімі П. Берсүгіров пен аппараттың бас маманы Қ. Жақсыбаев алғашқылар болып, "СПУТНИК-V" вакцинасын салдырды.
Вакцина - коронавирус індетінен сақтануға, аурудың жеңіл өтуіне септігін тигізеді.
Біздер үшін отбасымыздың, барша халқымыздың саулығы маңызды. Бұл кеселді бірлесе отырып еңсеретінімізге сенімдіміз.
Вакцинадан соң әріптестеріміз ешбір ауырсыну сезінбегендерін, жағдайларының жақсы, бірқалыпты екендіктерін айтуда.
Барша кент тұрғындары мен қонақтарына өзіміздің және жақындарымыздың қауіпсіздігі үшін ерікті түрде екпе қабылдауға қатысуға кеңес береміз. 

"Толқын" ақпарат
16 сәуір 2021 ж. 498 0