Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда вакцинациялау жұмысы жалғасуда

Ауданда вакцинациялау жұмысы жалғасуда

Өңірде коронавирусқа қарсы вакциналау шарасы жалғасуда.
Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев коронавирус инфекциясына қарсы екпе қабылдады. Вакцина салдырғандардың қатарында аудандық мәслихат хатшысы Б.Төрахметов, облыстық мәслихаттың депутаты Е.Аяғанов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Арал ауданы бойынша бөлімшесінің директоры Н.Ембергенова және білім саласының қызметкерлері бар.
Вакцина алдымен, тұрғындармен тығыз байланыста болатын, вирус жұқтыру қаупі жоғары қызметкерлерге салынады.
Вакцинация жасалмас бұрын дәрігер міндетті түрде дене температурасын, жүрек қағысын, артериялық қан қысымын, тыныс алуын және жүрек-қан тамырлары жүйесін, ауыз қуысын тексереді, эпидемиологиялық анамнез нақтыланады.
Вакцинацияға тек екпеге қарсы көрсетілімі жоқ қызметкерлер кіргізілді.
Айта кетейік, бүгінгі күннің қорытындысымен 430 аудан азаматтары қауіпті індеттің жолын кесу бағытында екпе қабылдады.

"Толқын" ақпарат
16 сәуір 2021 ж. 631 0