Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Нексус» жобасы: Арал ауданында сексеуіл жылыжайы ашылды

«Нексус» жобасы: Арал ауданында сексеуіл жылыжайы ашылды

Кеше Арал ауданында «Арал теңізінің құрғап қалған түбін көгалдандыру: сексеуіл өсірудің жабық тамыр жүйесін тәжірибеге енгізу» ұлттық демонстрациялық жобасы аясында екі сексеуіл жылыжайы және туманарий ашылды. Демонстрациялық жоба Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «Орталық Азиядағы Нексус Диалогы» жобасы («Нексус» жобасы) аясында жүзеге асырылуда.

Ашылу салтанаты кезінде Аралды көгалдандырудың тиімді әдісін тексеруге мүмкіндік беретін жабық тамыр жүйесінде өсірілетін сексеуілдің алғашқы тұқымдары отырғызылды. Жылыжайда осы тұқымдардан өсірілген кем дегенде 2000 сексеуіл көшеттері ашық топыраққа 9-12 айда отырғызылады. Екі жыл ішінде бұл көшеттер Аралқұмның 10 гектарға дейінгі алқабын жауып, 8000 тоннаға дейін құм жинай алады деп күтілуде.

«Біз Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің мақсаттарына сәйкес «Нексус» жобасы арқылы Солтүстік Арал теңізінің экожүйесін қалпына келтіру жөніндегі Қазақстанның күш-жігерін қолдауға қуаныштымыз», – деп атап өтті Еуропалық ОдақтыңҚазақстандағы Елшісі, Жоғары Мәртебелі Свен-Олов Карлссон.

Арал теңізінің құрғап қалған түбін көгалдандыру шөлейттенуге қарсы және тұзды топырақты азайтудың тиімді әдістерінің бірі болып саналады. Осыған сүйене отырып, бұлжылыжайлар мен туманарийАралдың түбін көгалдандырудың ең тиімді әдісінің көрсетілімдік мысалы болады.

“Ғылыми бақылауларға сәйкес, бұл әдіс көшеттердің бейімделудің жәнетіршілік етудің жоғарылауына (90% дейін) және ерте пісуіне әсер етіп, тұқымдарды 2-3 жыл бұрын жинауға мүмкіндік береді”, – деп хабарлады Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы атқарушы дирекциясының директоры Болат Бекнияз.

«Нексус» жобасын Еуропалық Одақтың (ЕО) қаржылық қолдауымен Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы (РЭЦЦА) жүзеге асырады. Жобаны іске асыру мерзімі – 36 ай (2020-2023). Жалпы бюджет 1 250 000 еуро,ЕО үлесі 1 000 000 еуро.

ЕО мен Қазақстан арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім 2020 жылдың наурызында толық заңды күшіне енді. Ол ЕО пен Қазақстан Республикасы арасындағы 29 бағыт бойынша ынтымақтастықтың құқықтық негізін қалайды және басқа бағыттармен қатар қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі мәселесі маңызды салалар қатарында.

Көлемі бойынша төртінші орын алатын Арал теңізі 1960 жылдары кішірейе бастады. Бұл көлді қоректендіретін өзендер кеңестік жер суландыру жобаларымен бағытталғаннан кейін болды. 1997 жылға қарай ол өзінің бастапқы мөлшерінің 10% -на дейін қысқарып, төрт көлге бөлінді. Судың мұндай айтарлықтай төмендеуі тұзды топырақты ірі Аралқұм шөлінің қалыптасуына әкелді. Шөл Орталық Азияда және одан тыс жерлерде шаңды және тұзды дауылдардың негізгі көзіне айналды. 5,5 миллион гектардан астам аумақты алып жатқан бұл шөл жыл сайын 100 миллион тоннадан астам шаң мен улы тұз түзеді, оларды Қызылорда облысының (Қазақстан), Дашогуз велаятының (Түркменстан), Қарақалпақстан Республикасының, Хорезмнің, Бұхараның және Науаи облысының (Өзбекстан) территориялары бойынша атмосферада мыңдаған километрге шашыратады.
28 сәуір 2021 ж. 420 0