Қаһармандық тағылымы ұмытылмайды

Ауданымыздағы жалғыз соғыс ардагерін ұлықтау, елі үшін танытқан ерлігін ұмытпау мақсатында облыстық мәслихат депутаты Еркебұлан Аяғанов бастаған аудан еріктілері қарияның шаңырағына бас сұғып, облыс әкімінің Құттықтау хатып тапсырып, сый-сияпат жасап, ардагерге құрмет көрсетті.
– Отан қорғауда батыр бабаларымыз ерлік пен елдіктің тізгінін қатар ұстады. Отан үшін от кешіп, кеудесін оққа тосты. Тарихымызға қанмен жазылған осынау Ұлы Жеңіс күні мерекесінде Талжан Жанасов секілді батыр атамыздың жанымызда болғаны үлкен мәртебе, – деп өзінің ардагерге деген ризашылығын жеткізді облыстық мәслихат депутаты Еркебұлан Аяғанов.
Расында, кешегі қан майданда Отан қорғаған қайсар азаматтардың ерлігі ұрпақ жадында сақталар өшпес өнеге. Осы орайда келешек ұрпақтың болашағы үшін жастық шағын майдан даласында өткерген адрагеріміз жастардың осынау ілтипаты мен құрметіне ризашылығын білдіріп, кездесу аясында сонау отты жылдарға шегініс жасап, басынан өткен ауыр кезеңдер туралы әңгімелеп берді.
Ұлы Жеңіс қарсаңындағы құттықтауларды үлкен қуанышпен қабылдаған соғыс ардагерлері риясыз жүздесу соңында құрмет көрсеткен ұйысшыл жастарға алғысын жаудырып, ақ батасын берді.



Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі