ҰБТ тапсырушылармен кездесті

Кездесуде аудан басшысы:
– Құрметті, түлектер, бүгін міне, өздеріңе арнайылап келіп, ертеңгі күнгі үлкен сынақтан сүрінбей өтулеріңе тілектестік білдіріп отырмыз. Ел дамуы жолында сіздердің – жастардың алар орыны ерекше. Білімді жастары, білікті мамандары бар ел қашан да өркениет өресінен көрінетіні анық. Қай салада болмасын өздерің таңдаған мамандықтың майталманы болуларыңа, ҰБТ-дан сүрінбей өтіп, ойлаған мақсаттарыңызға жетулеріңе, ата-анадарыңыздың, 11 жыл бойы сіздерді біліммен сусындатқан ұстаздарыңыздың үмітін ақтайтын кез туды. Сол белесті бағындырады деп сенеміз, – деді.
Одан соң Ә.Садықбаев пен Д.Мәдинов түлектерге тілектерін білдіріп, ақ батасын берді.
Оңталап ЖОЛДАСОВ.