Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кезекті аппарат мәжілісі өткізілді

Кезекті аппарат мәжілісі өткізілді

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өткізілді.
Аудан басшысы алдымен орынбасарларының жаңадан жасақталған міндеттік бөліністерін таныстырып, мәжілісте қаралатын күн тәртібіндегі негізгі екі мәселеге тоқталып өтті.
Одан соң күн тәртібіне қойылған алғашқы мәселе аудан бойынша салық түсімдерінің орындалуы туралы Арал ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ербол Мәлкаждарұлы хабарлама жасады.
Ағымдағы жылдың I тоқсаны бойынша аудандағы жоспарланған салық түсімі 531,9 млн.теңге болса, қорытындысымен 669,2 млн. теңгеге яғни 126.0 пайызға артығымен орындалған. Бұдан бөлек кірістер басқармасының басшысы кент, ауылдық округтердегі көлік салығы және бұдан өзге де қордаланған салық түсімдерінің уақытылы төленуі қажеттігін айтты.
Аудан әкімі бұл мәселе бойынша қала,кент және ауылдық округ әкімдеріне салық түрлерін жоспарланған межеге сай уақытылы төлеу бойынша жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
Екінші мәселе Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы бойынша индикативті көрсеткіштердің орындалуы туралы аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Жәнібек Жарасұлы баяндады. Сондай-ақ, мал басын көбейту, асылдандыру, тұқымдық түрлендіру бағытында мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларды саралап өтті.
Аудан бойынша ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 2021 жылдың қаңтар–сәуір айларында 2 млрд. 125,8 млн. теңге болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда1 02,5пайызға артығымен орындалған.
Жиын соңында аудан басшысы өңіріміз мал шаруашылығына қолайлы аудан болғандықтан кент,ауылдық окург әкімдері мен жауапты мамандарға тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалардың тиімді тұстарын түсіндіріп, ақпараттық-насихаттық шараларды күшейтуді тапсырды.
Аппарат мәжілісінде күн тәртібіндегі мәселелер егжей-тегжейлі талқыланып, қорытындысы бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасарларына жүктелді.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
24 мамыр 2021 ж. 297 0