Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тапсырмалар қайта талқыланбауы тиіс

Тапсырмалар қайта талқыланбауы тиіс

Аудан әкімдігінде аудан әкімі М.Оразбаевтың төрағалығымен әкімдік және аппарат мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім, мекеме басшылары және өзге сала мамандары қатысқан жиында аудан әкімі кадрлық тағайындауларға тоқталды. Сосын әкімдік мәжілісінде күн тәртібіне қойылған бірқатар мәселені ортаға салды.
Жиында алдымен аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Бохаев 2020 жылғы аудан әкімінің тұрғындармен өткен есепті кездесуінде түскен ұсыныс-пікірлердің орындалуы туралы хабарлады. Айтуынша, жыл басындағы есепті кездесуде халық тарапынан 94 мәселе көтерілсе, 9 айдың ішінде соның 42-сі орындалған. Оның 21-і орындалу үстінде, қалғаны күн тәртібінде тұр. Хабарлама барысында аудан басшысы шешімін таппаған мәселелерге қатысты жауапты сала мамандарын бірге жұмыс жасауға шақырды.
Сосын аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Т.Рашев ауданның 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы баяндама жасады. Ауданның даму дина­микасы мен әлеуметтік-экономикалық көрсет­кіш­інде өсім барын алға тартқан бөлім басшысы қорытындыланған 9 айдың көрсеткіші көңіл көн­шітетінін жеткізді.
Қазіргі уақытта кәсіпкерлік саласына түрлі қолдаулар жасалып жатқаны белгілі. Десе де қаншама қолдауға қарамастан, бұл салаға қызы­ғушылық танытып, жаңадан кәсіп бастаймын деушілердің қатары аз секілді. Аталған сала бойынша мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы туралы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Р.Бисембаев жан-жақты ха­бар­лама жасап, сала бойынша орындалып жат­қан мемлекеттік бағдарлама негізінде жұмыс жасауға ауылдық жерлердің белсенділігі төмен екендігін жеткізді. Әріптесінің сөзін одан әрі жал­ғаған «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Н.Ембергенова 9 ай көле­мінде палатаның атқарған жұмыстарына қыс­қаша тоқталып, бағдарламалардың орындалу көр­сеткіштерін баяндады. Бұл салаға қатысты аудан әкімі тарапынан бірқатар ауыл әкімдеріне тапсырмалар жүктелді.
Келесі мәселе ауыл шаруашылығы саласына қатысты болды. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы бойынша индикативті көрсеткіштердің орындалуы туралы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ш.Есжанов баяндама жасады. Оның айтуынша, ауданда төрт түлік пен құста өткен жылмен салыстырғанда өсім бар. Десе де шаруашылыққа қатысты несиелер алып, меже орындалуы керек.
Әкімдік мәжілісінде көтерілген мәселелерге қатысты аудан әкімі М.Оразбаев тиісті сала бас­шылары мен ауыл әкімдеріне тапсырмалар жүк­теп, жыл соңына дейін кеткен кемшіліктер мен орын­далмаған жұмыстарды қалпына келтіруді тапсырды.
Артынша аппарат мәжілісі болып, онда салық түсімінің орындалуы мен 2021 жылдың І жарты жылдығына баспасөзге жазылу жұмыстары сөз болды. Аппарат мәжілісінің күн тәртібіне қойылған бірінші мәселе салық түсімдерінің орындалуы жайлы Арал ауданы бойынша кірістер басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Ағыбаев хабар­лама жасап, жалпы аудан бойынша салық түсімдері бойынша оң динамика қалыптасқандығын атап өтті.
Аппарат мәжілісінің қорытындысы бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, аталған тапсырмалардың орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасарларына жүктелді.
(Өз тілшімізден)
17 қазан 2020 ж. 565 0