Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі ойын алаңының құрылыс жұмысымен танысты

Аудан әкімі ойын алаңының құрылыс жұмысымен танысты

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев күні кеше аудан бюджеті есебінен салынып жатқан шағын стритбол, 12 тренажерлық снарядтар мен балалар ойын алаңының құрылыс-монтаж жұмыстарымен танысты.
Аудан орталығындағы «Тәуелсіздік» алаңының аумағында жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының бүгінде 50 пайызы аяқталып тұр. Қазіргі таңда балалар ойын алаңына қажетті құрал-жабдықтарды әкеліп орналастыру жұмыстары жүргізілуде.
Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған нысан алдағы шілде айының 15-не дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Ересектер мен балалардың уақытын пайдалы өткізуге, бұқаралық спорттың дамуына мүмкіндік беретін алаңның құрылыс басында болған аудан басшысы жаңа нысанның салынуына тапсырыс беруші тарапынан жұмыстардың сапалы әрі уақытылы, бекітілген стандарттарға сәйкес атқарылуын бақылауды қатаң тапсырды.





"Толқын" ақпарат
25 мамыр 2021 ж. 590 0