Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру мәселелері талқыланды

Көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру мәселелері талқыланды

Аудан әкімінің орынбасары Еркін Әбішевтің төрағалығымен 2021 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарының барысы туралы комиссия отырысы өткізілді. Аталған жиынға әскерге шақыру комиссиясы мүшелері, қала, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Алдымен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Б. Қуатов 2021 жылғы көктемгі мерзімде әскери қызметке шақыру жұмыстарының барысы туралы баяндап өтті.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты комиссия төрағасы қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырып, әскери қызметке шақырылушылардың уақытылы дәрігерлерлік куәландырудан өтуін қамтамасыз ету, жастарды, әскерден жалтарып жүрген азаматтарды әскерге тарту және әскери қызмет етудің маңыздылығын насихаттауды ардагерлер мен қоғамдық кеңес мүшелері арқылы жүргізіп, қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.
Сонымен қатар, комиссия отырысының қорытындысы бойынша жауапты сала басшыларына аудан көлемінде әскерге бармай жүрген жастардың қатарын болдырмау мақсатында әскери-патриоттық тақырыпта бейнеролик әзірлеп, әлеуметтік желілерде кеңінен насихаттау, әскери қызметтен жалтарған азаматтарды заңнамада белгіленген жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету жүктелді.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
26 мамыр 2021 ж. 498 0