Бүгін – Халықаралық балаларды қорғау күні
Бүгін – Халықаралық балаларды қорғау күні, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл күнді мереке ретінде атап өту 1925 жылы Женевада балалар мәселелеріне арналған Дүниежүзілік конференцияда қабылданға. Бір ғасырға жуық тарихы бар мерекені тәуелсіз Қазақстан да жыл сайын атап өтеді.
Жалпы Қазақстан балалардың құқығын қорғауға қатысты халықаралық құжаттардың барлығын дерлік ратификациялаған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғашқы Жолдауында-ақ осы мәселеге ерекше тоқталып, заңнаманы жетілдіру туралы тапсырмалар берген болатын. Соның аясында бір жылда елімізде балалардың құқығы туралы заңнамаға 83 түзету енгізілген.
Балалардың құқығымен байланысты мәселелерді елімізде Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті реттейді. Сондай-ақ Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл бар. Бұл қызметті қазір танымал қоғам қайраткері Аружан Саин атқарып отыр.