Мәдениет саласының қызметкерлері марапатталды

Кездесу барысында Бектемір Ұлыбекұлы:
– Сіздер ауданымыздағы мәдениет саласының қызметкерлері елдігімізді, ғасырлар бойы мұра болған асыл қазынаны – ұрпаққа жеткізу жолында ауқымды жұмыстар атқарып келесіздер. Еліміздің өркендеп-өсуіне, мәдениет биігіне шығармашылық тұрғыдан қызмет етіп, халықты тамаша өнерлеріңізбен қуанта беріңіздер! Баршаңызға шығармашылық жолда толағай табыс, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін, – деп жүрекжарды тілегін білдіріп, арнайы марапаттарды табыстады.
Атап айтар болсақ, Халық театрының режиссері Бахрамова Бахтыгүл - Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы төрайымының «Еңбек даңқы» төлбелгісін, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы Әлішева Жанар – Қазақстан кітапханалық одағы төрайымының «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісін иеленді.
Бұдан бөлек, З. Шүкіров атындағы Арал қалалық мәдениет үйінің директоры Тұяқова Айна - Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет Грамотасымен, Ақбай ауылдық клубының меңгерушісі - Маханов Нартай Қызылорда облысының әкімінің Алғысымен, аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Күлмашова Гүлбану - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Алғысымен, Бөген ауылдық клубының сүйемелдеушісі Абсахиев Бақытбек және Қамыстыбас ауылдық клубының сүйемелдеушісі Абатов Елдос – Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының Алғысымен марапатталды.



