Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің жеке қабылдауы өтті

Аудан әкімінің жеке қабылдауы өтті

Күні кеше аудан әкімі Серік Сермағамбетов аудан тұрғындарымен алғашқы жеке қабылдауын өткізді.
Онлайн және офлайн негізде өткізілген қабылдау барысында аудан басшысы жергілікті тұрғындарды жеке мәселелері бойынша тыңдады.

Аудан басшысының қабылдауына жүгінгендердің дені жұмыссыздық мәселесін алға тартты. Аталған мәселе аясында заңдылыққа сәйкес жауап берген аудан басшысы, бүгінігі таңда аудан бойынша бос жұмыс орындарын ұсына отырып, мәселені шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Бұдан бөлек, қабылдауға келушілер арасынан зейнеткер, Семей ядролық полигоны ардагері Серік Өтебалиев те өз өтінішін білдірді. Атап айтқанда, ардагер С.Өтебалиев Семей полигонының жабылуының 30 жыл толуына орай – Семей сынақ полигонынан зардап шеккендер мен қаза болған ардагерлердің құрметіне арнап, Арал ауданынан, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласына дейінгі аралықта веложорық жасап, Семей қаласындағы «Сильнее смерти» монументіне тағзым етуді жоспарлап отырғанын жеткізді. Осылайша жоспарымен бөліскен ардагер веложорыққа қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуге қолдау білдіруді сұрады. Бұл мәселені де оңтайлы шешіп беру бағытында демеушілерден қолдау көрсету жағынан жұмыстар ұйымдастырылатындығын жеткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі

19 маусым 2021 ж. 365 0