СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жиында аудан әкімінің орынбасары М. Мейірбеков сынақ алаңының адамзат баласына тигізген зиянына тоқталып, полигон зардабын жоюға қатысқан аудан азаматтарына ризашылығын білдірді. Cемей маңында орын алған нәубетке қарсы ардагерлердің көрсеткен ерліктері жас ұрпақ жадында мәңгі сақталатындығын жеткізді. Сонымен қатар, Семей ядролық сынақ полигонының зардаптарын жоюға қатысқан азаматтарға аудан әкімінің және «Нұр Отан» партиясының алғыс хаттарын табыстады.
Өз кезегінде ардагерлер басшылыққа ризашылықтарын жеткізіп, ақжарма тілектерін арнады.