Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр журналистеріне құрмет көрсетілді

Сыр журналистеріне құрмет көрсетілді

Қызылорда қаласында 28 маусым – «Бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің күніне» орай «Ұшқыр қалам – 2021» атты салтанатты шарасы өтті.Айтулы күннің құрметіне орай, қала әкімінің орынбасары Есжанов Асқарбек Темірбекұлы қала әкімінің арнайы құттықтауын жеткізіп, ақпарат айдынында жүрген сала мамандарына ыстық ықыласын жеткізді.Ең алдымен, Сыр елі телевизиясында өзіндік орны бар ақын, жуырда Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері атанған Есімсейітова Қаршыға Құрмашқызына құрмет көрсетілді.

Аймақтың медиа саласында еселі еңбек етіп жүрген Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің үздіктері қала әкімінің алғыс хатымен марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.Шара барысында Сыр өңірі журналистикасында өзіндік қолтаңбасы қалған дарынды журналистердің есімі ел жадынан ұмытылмайтындығын арқау еткен ақын Ұлықбек Бекұзақұлының осы күнге арнайы жазған «Қанатты қалам» өлеңі қалалық Жастар театрымен сахналанды.
Айта кету керек, 25 маусым күні Қызылорда қаласының төрінен Сахитжан Бермағамбетовке көше атауы берілді. Сыр журналистерінің еңбектері, ұшқыр қиялдарының жемісі ұлықталған мерекелік кеште «Әлемді үрей билеп, жер жүзіне індет тараған қиын кезеңде де қалың бұқара дәйекті ақпар алуда тілшілерге сенім артты. Осы сәтте көрінбейтін майдан жауынгерлерінің еңбегі ерекше көзге түсті. Тың жаңалық таратуда журналистер дәрігерлермен бір шепке шығып, оқырман мен көрерменге керекті ақпарат ұсына білді. Дәрігерлер еңбегін насихаттап, әбігерге түскен елді сабырға шақырды, жақынымызға жанашыр бола түсуге үндеді. Ақпарат құралдары қызметкерлеріне алғысымды білдіріп, кәсіби мерекеде шығармашылықтарыңызға шалқар шабыт тілеймін!», – деді Асқарбек Темірбекұлы.

syrboyi.kz
25 маусым 2021 ж. 337 0